06.11.2024 ж.


«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің (Жалғыз акционер) қабылдаған шешімі туралы хабарлайды, оның иелігінде және пайдалануында Қоғам акцияларының 100% пакеті бар:

«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 06.11.2024 жылғы №516 бұйрығымен:

  1. «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) Директорлар кеңесінің мүшесі Дархан Адбумажитұлы Апиевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
  2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Жамиля Нусипжановна Нурманбетова Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамына сайланды.
  3. Жамиля Нусипжановна Нурманбетованың өкілеттік мерзімі тұтастай алғанда Қоғамның Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімінің аяқталуымен аяқталатыны анықталды.
Без рубрики