Үш тілді білу – жоғары біліктілікті және бәсекеге қабілетті мамандар дайындаудың негізі
«…Үш тілді білу – біздің болашағымыз»
Әлем жаһандандырылған болып барады,
және болашақ жастардың мультитілді
ортада бейімделе білу керек…».
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстандықтар кем дегенде үш тілді білулері керек – мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін.
Осы туралы Қр Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 28 ақпанда 2011ж. Ақордада өткен журналисттермен кездесуінде айтқан болатын.
Осы бағытта көп жұмыстар орындалуда, сондай-ақ Қарағанда мемлекеттік техникалық университетінде.
«Тілдердің үш тұғырлығы» қазақстандық мәдени жобасын іске асыру мақсатында 2008 жылдың наурызында ректор ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтың ұсынысы бойынша ұлы философ, ақын және Қазақстандық ағартушы Шәкәрім Құрайбердиев атындағы «Тілдердің үш тұғырлығы» Орталығы ашылды.
«Тілдердің үш тұғырлығы» Орталығының мақсаты – оқу процессіне инновациялы технологиялар мен оқытудың халықаралық стандартын енгізу арқылы қазақ, ағылшын, неміс және орыс тілдерін терең және интенсивті оқыту бойынша ҚарМТУ бәсекеге қабілеттілігін жоғарлататын, сапалы оқыту қызметін атқарады.
Үш тілді жетік білу қазіргі заманғы өндірісте жұмыс атқаратын мамандарға қойылатын талаптардың бірі.
«Машинажасау технологиясы» кафедрасында ҚР ҒБМ бекітілген, «Көптілде оқыту» (үш тілде оқыту) экспериментті бағдарламасын жүзеге асыруда белсенділік танытуда.
2013-2014 оқу жылында кафедрада көптілді оқыту 5В071200 «Машинажасау» және 5В073200 «Стандарттау, ертификаттау және метрология (салалар бойынша)»4 топтарда (СТ-12-1п, Маш-12-1п, СТ-13-1п, Маш-13-1п) оқытылады.
Бұл бағдарламаны жүзеге асыру арқылы халықаралық білім алаңында біздің түлектердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату болып табылады.
13.06.2014ж. және 24.06.2014ж. аралығында «Машинажасау технологиясы» кафедрасында эксперимент режимінде бакалавр топтарында дипломдық жобаларын қорғау үш тілде өткізілді.
Қорғауға ағылшын тілінде сөйлейтін мамандар шақырылды, олар ЖШС «BorusanMakinaCAT» Қарағанды филиалынан: «Машинажасау» мастері Ерахтина А.В. және SOS-лабораториясының супервайзері Королькова Н.А.
Кульмаганбет Г.Қ, Дауітқазы Д.О., Кенжеғұл А.К., Муталова М.Ж., Ибрагимов А.М., Касымжанова А.К. бакалаврларының дипломдық жобаларын қорғау баяндамалары тыңдалды.
Дипломдық жобалар мемлекеттік тілде орындалған. Баяндамалары ағылшын тілінде болды, бірақ талқылау үш тілде өткізілді.
Диплом қорғаушылар үш тілді өте жақсы меңгергендерін көрсетті. Қорғау өткізілгеннен кейін семинар-тренинг өткізілді, онда МАК құрамы және ЖШС «BorusanMakinaCAT» Қарағанды филиалының өкілдері, шет тілдер кафедрасының оқытушылары студенттердің қорғауын талқылады. Қорытындысында келесі шешімдерге келді:
— студенттерге техникалық ағылшын тілін неғұрлым тереңірек оқу керек;
— студенттермен, магистранттармен, докторанттармен және ПОҚ өндіріс тәжірибесін және тағылымдамасын өте кезінде шетелдік кәсіпорындармен байланысын кеңейту жұмыстарын жүргізу керек;
— оқу процессін ұйымдастыруда алыс шетелдегі жоо- дағы мамандарды шақыру;
— ҚарМТУ көптілде оқыту жүйесін енгізу арқылы біздің түлектердің қазіргі заманғы нарық талаптарына, сонымен қатар халықаралық талаптарға сәйкес болу шартын орындайды.