03.06.2021 ж.


«Қарағанды техникалық университеті» КЕ АҚ иелігінде және пайдалануында қоғамның 100% акциялар пакеті бар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (жалғыз акционер) қабылдаған шешім туралы хабарлайды:

«Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2020 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 03.06.2021 жылғы № 271 бұйрығымен:
1. «Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі — Қоғам) 2020 жылға жылдық қаржылық есептілігі бекітілді.
2. Қоғамның 2020 жылғы 757 658 879 теңге (жеті жүз елу жеті миллион алты жүз елу сегіз мың сегіз жүз жетпіс тоғыз теңге) мөлшеріндегі таза табысы қоғамның иелігінде қалды.
3. 2020 жыл ішінде акционердің Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне өтініштері келіп түспегені анықталды.

Без рубрики