Қатысқандар: А.А. Орсариев, С.С. Сагинтаева, А.А. Утешова, Г.Т. Омарханов, Д.А. Апиев, А.С. Бондаренко.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
- 2024-2025 оқу жылында білім алушыларды қабылдауды қамтамасыз ету бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысы туралы.
- «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректорын іріктеу және тағайындау және Басқарма мүшелерін сайлау тәртібіне өзгерістер енгізу туралы. «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Басқарма мүшесі – ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры лауазымына конкурс жариялау туралы.
- Директорлар кеңесі Комитеттерінің құрамдарын бекіту туралы.
- 2024 жылғы 1-тоқсандағы жұмыс қорытындылары бойынша Ішкі аудит қызметінің есебін қарау туралы.
- 2023 жылғы «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ аудиттелген қаржылық есептілігін алдын ала бекіту туралы. 2023 жылғы таза табысты бөлу тәртібін қарау туралы.
- «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Есеп саясатына өзгерістер енгізу туралы.