Eramis жобасы


TEMPUS ІV МАГИСТІРЛІК ЖҮЙЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ

«АҚПАРАТ – ҚОСЫМША КОМПЕТЕНЦИЯ»

ЕУРОПА-РЕСЕЙ-ОРТАЛЫҚ АЗИЯ (ERAMIS)

2010 жылдың 15қаңтары –ERAMIC жобасы бастауының ресми уақыты. Жоба коммуникативтік технология мен жүйе техника институты көлемінде АЖЖ және АЖ кафедрасының қатысуымен өтеді. Жоба аясында «Ақпарат» мамандығы бойынша қажетті магистрлік бағдарламаны жасау керек. Аталған білім бағдарламасының мақсаты ақпараттық технологиялар саласындағы іскерлік және дағдылармен білім, басқа мамандықтардағы бакалаврларды таныстыру.

TEMPUS — бұл ЕО-ның және серіктес елдердің бірлескен қаржылық жоба арқылы жаңартылған Еуропалық Одақ бағдарламасы. ( Батыс Балкандар, Шығыс Еуропа, Орталық Азия, Солтүстік Африка және Қиыр Шығыс). Бағдарламаның жалпы мақсаты – жоғары білім саласында орны бар және Болон үдерісі мен Лиссабон конвенсиясының ұстанымдарына негізделген ерікті конвергенция әрекеті, еуропалық өзгерістерге жақындасу, үйлесу.

TEMPUS бағдарламасының негізгі ұстанымы – «төменнен — жоғары». Ұлттық приориттер есебімен жоғары оқу орны қажеттіліктерін және мемлекет – серіктестердің жоғарғы білімін қайта құру үдерісінің жалпы бағыттарын қанағаттандыру үшін, оқу орындары өздері білім әрекетінің мақсаты мен мазмұнын анықтайды. TEMPUS бағдарламасымен жалпы басқаруды Еуропалық комиссия, Брюссоль қ., іске асырады. (Сыртқы қызмет бойынша бас Директоратпен бірге білім және мәдениет мәселелері бойынша Бас Директорат.)

ERAMIS жобасы біріккен аймақтық жобалар болып табылады, бұған:

5 Еуропалық серіктестер (Франция, Германия, Польша, Финляндия, Испания), Ресейден 5 серіктес, Қырғызстаннан 3 серіктес және Қазақстаннан 4 (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қаласы қ.; Инновациялы Еуразия университеті, Павлодар қ.; Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті; ЖШС «Системотехника», Алматы қ.)

Жоба координаторы

• П.Мендес Университеті, Гренобль, Франция.

Өтінішті ұйымдастырушы ретінде Гернобль қ. (Франция) Пьер Мендес атындағы университет алға шығып, 22 ақпанда жобаның барлық қатысушыларымен алғашқы координаттық кездесу болды. Жобаның координаторы мен басшысы ретінде ҚарМТУдан қатысқандар: «Ақпараттық жүйе» кафедрасының меңгерушісі М.Н. Баймулдин, АЖЖ кафедрасының оқытушысы Ю. Крюшкина. Жиналыстың бағдарламасы университет кампусы мен қала туралы шолу лекцияларын және кішігірім экскурсиялар қарастырды.

Жиналыстың мақсаты: жоба координаттарымен таныстыру, жоғарғы

оқу орындарының ашылуы, жоба бойынша негізгі міндеттерді анықтау, келешекте болатын координаттық жиналыстарды жоспарлау.

2010 жылдың маусым айында Саратов қаласында (Ресей) жобаға қатысушылардың екінші кездесуі болды. Бұл кездесуге «Ақпараттық жүйе» кафедрасының меңгерушісі М.К. Баймулдин мен АЖЖ кафедрасының оқытушысы А.Ю. Краюшкина қатысты. Кездесу Саратов мемлекеттік әлеуметтік – экономикалық университеті базасында өтті. Кездесуде жоғары оқу орындары серіктестіктерінің презентациясы болды, магистрлік бағдарламалардың презентациясы мен жоғарғы оқу орындарының педагогикалық командалары таныстырылды.

2010 жылдың қазан айында Алматыда, Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде TEMPUS ERAMIS жобасы бойынша жоғары оқу орындары – серіктестерінің ІІІ координатты кездесуі болды. ҚарМТУдан АЖЖ кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., М.М. Көккөз және м.ғ.к., Г.Т. Даненова қатысты. Семинар барысында магистрлік бағдарлама бойынша «Ақпарат – екінші компетенция» үш қазақстандық ЖОО-ры бірге атты типтік оқу жоспары келісілді. Қазіргі уақытта міндетті және элективті пәндердің силлабустары өңделуде. Сонымен қатар жоба бойынша Еуропа ЖОО-да оқытушылардың іс-тәжірибе алмасуы мен ҚарМТУ үшін құрал-жабдықтарды пайдалану жоспарлануда. Саратов мемлекеттік экономикалық университетінде TEMPUS ERAMIS жобасы бойынша ақпарат, сонымен қатар ЖОО-серіктесиер туралы ақпарат беретін WEB-сайт әзірленуде.

2011 жылдың 15 сәуірден 16 сәуірге дейін аралығында Франциядан, Германиядан, Испаниядан, Польшадан Еуропалық универсиеттің делагаттары КАРГТУ- ге келетін болады. ЖОО басқармасымен ТЕМПУС Ерамис жобасының қатысушылары мұғалімдер және студенттермен 2 дипломдық білімі алу мәселесі және типтік магистр бағдарламасы талқылану кездесуі жоспарлануда.

Без рубрики