Вьетнам Социалистік Республикасының Білім және кадр даярлау Министрлігі білім саласындағы Қазақстан және Вьетнам арасындағы қызметтестік туралы келісім шеңберінде Қазақстанның студенттеріне 2013-2014 оқу жылына 3 грант бөледі.
Оқыту вьетнам және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Талапкер оқытуды вьетнам тілінде таңдаған жағдайда, вьетнам тілін оқуға қосымша бір жылдық тілдік курс ұсынылады. Оқытуды ағылшын тілінде таңдаған жағдайда ағылшын тілі білімін растайтын сертификат қажет.
Қосымша ақпаратты Халықаралық байланыс бөлімінен алуға болады (бас ғимарат, кабинет 309а )