Сіздерді Париж қаласы, Францияда мамыр айының 13-19 аралығында өтетін Болон үдерісін жүзеге асыру шеңберінде «ЖОО-аралық қызметтестіктің перспективалары» бағдарламасына қатысуға шақырады.
Бағдарлама мақсаттары:
— Университеттер және Францияның жоғары инженерлік мектеп бірлестігімен танысу;
— ЖОО-аралық қызметтестіктің перспективаларын талқылау, қызметтестік байланыс орнату;
— Студенттер мен оқытушылардың академиялық мобильділік бағдарламаларын дамыту;
— Францияның жоғары оқу орындарымен бірлескен білім бағдарламаларын құру және жүзеге асыру үшін қазақстандық жоғары оқу орындарының ЖОО-серіктестерін іздеу.
Бағдарлама қатысушыларынтіркеу мерзімі: 2013 ж., сәуір айының 5-не дейін.
Қосымша ақпаратты Халықаралық байланыс бөлімінен алуға болады.